Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды
Ашық дереккөз
Трагедияның қайталану ықтималдығы жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды
Шахтаның қазіргі жағдайымен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді, деп хабарлады turkystan.kz Qarmet компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды.
Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындыларын, болған жағдайдың себептері мен салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстарды, көмір өндіруді қайта жандандырудың келешегі туралы баяндады.
«Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Көмір департаментінің инженерлері үшін тиісті жұмысты орындауға барлық қажетті жағдай жасалып отырғандығын басшылық тарапы атап өтті», – делінген хабардамада.