Куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды

0
51

Әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққандар ұсталды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде пойыздың тамбурында әсери киімдегі жігітті ұрып жатқан видео тараған болатын. Бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге қайтар кезде орын алған.

Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды.

Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ