Куәгерлер «Оператор РОП»-тың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті – депутат

0
211

фото: Halyq Uni

Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де процесс барысында бұл азаматтардың уәжіне назар аудармады, –

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Атырауда AMANAT партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлердің утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметінің соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтты.

Бұл ретте ол алдымен партия кеңесінің құрамында белгілі заңгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жұмыс барысында өңірлердің проблемаларына ғана емес, қоғамда кеңінен талқыланып жатқан, резонанс тудыратын мәселелерге де назар аударады. Осы орайда кеңес төрағасы утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметіне қатысты мәселеге тоқталды.

Әділетті Қазақстан шындыққа және заңды қатаң сақтауға негізделген. Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі, жақында «Оператор РОП» деп аталатын ұйымның бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот процесінде көптеген куәгер сыбайлас жемқорлық арқылы табылған қаражаттың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де процесс барысында бұл азаматтардың уәжіне назар аудармады. Егер біз Қазақстанда әділ қоғам құрғымыз келсе, мұндай жағдайда әрбір азамат сотқа жүгініп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуі керек, – деді депутат.

Сондай-ақ ол бұл мәселе кеңестің бақылауында болатынын, Бас прокуратураға тиісті хат жолданатынын айтты.

Еркеғали Болатұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ