Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

0
17

Football-observatory.com (CIES) порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жылдық рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

Халықаралық спортты зерттеу орталығы статистикалық деректерге сүйеніп, бүкіл әлем бойынша 75 лигадағы 30 мыңнан аса ойыншыны мысалға алған. Ойыншылардың трансфер құны CIES экономикалық алгоритмі бойынша есептелген.

Портал нұсқасы бойынша ең қымбат футболшы – Дортмундтың “Боруссиясында” ойнайтын ағылшын Джуд Беллингем. Football-Observatory мәліметінше, неміс клубы 19 жастағы ойыншы үшін 208 миллион еуро сұрай алады.

Бір қызығы, бұл рейтингте Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе үшінші орында, ал “Манчестер Ситидің” шабуылшысы норвегиялық Эрлинг Холанд бесінші екен.

Лионель Месси мен Криштиану Роналду бұл рейтингтің алғашқы жүздігіне де кіре алмапты.

Ең қымбат 20 футболшы:

1. Джуд Беллингем (“Боруссия Дортмунд”) – 208,2 миллион еуро;

2. Фил Фоден (“Манчестер Сити”) – 200,5 миллион еуро;

3. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 191,7 миллион еуро;

4. Винисиус Жуниор (“Реал Мадрид”) – 190,5 миллион еуро;

5. Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”) – 174,9 миллион еуро;

6. Педри (“Барселона”) – 170,2 миллион еуро;

7. Гави (“Барселона”) – 147,6 миллион еуро;

8. Джамал Мусиала (“Бавария”) – 145,1 миллион еуро;

9. Йошко Гвардиол (“РБ Лейпциг”) – 125,8 миллион еуро;

10. Федерико Вальверде (“Реал Мадрид”) – 123,5 миллион еуро;

11. Родри (“Манчестер Сити”) – 117 миллион еуро;

12. Луис Диас (“Ливерпуль”) – 109,7 миллион еуро;

13. Френки де Йонг (“Барселона”) – 109,3 миллион еуро;

14. Букайо Сака (“Арсенал”) – 108,7 миллион еуро;

15. Родриго Гоэс (“Реал Мадрид”) – 107,4 миллион еуро;

16. Орельен Тчуамени (“Реал Мадрид”) – 107,2 миллион еуро;

17. Ферран Торрес (“Барселона”) – 106,8 миллион еуро;

18. Рубен Диаш (“Манчестер Сити”) – 105 миллион еуро;

19. Жоау Канселу (“Манчестер Сити”) – 103,6 миллион еуро;

20. Эдер Милитао (“Реал Мадрид”) – 102 миллиона евро.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ