Әлихан Смайылов Ташкентке жұмыс сапарымен барды

0
118

Бүгін Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онда мемлекетаралық байланыстардың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік саласы және басқа да бағыттардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланбақ.

Отырысқа Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ал Өзбекстан тарапынан ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов тең төрағалық етеді.

Әлихан Смайыловтың Өзбекстан астанасына жұмыс сапары «Янги Узбекистон» саябағында орналасқан «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Онда бейбітшілік пен бостандықтың, ізгілік пен игіліктің белгісі ретінде қанатын жайған Хумо құсы бейнеленген, ал монумент тұғырында «Ел тарихында өшпес із қалдырған ата-бабаларымызға мәңгілік тағзым» деп жазылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ