«Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестицияға жұмсалады – Тамара Дүйсенова
– «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалар есепшотына түскен қаражат инвестициялауға жұмсалады. Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары Тамара Дүйсенова айтты-деп хабарлайды zamandas.kz KAZINFORMге сілтеме жасап.
«Бұл қаражат инвестицияланады. Жыл сайын есептері ұсынылады», – деді Тамара Дүйсенова Үкіметтегі брифингте тілшілерге берген жауабында.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жыл сайын зейнетақы жинақтары сияқты бұл қаражат та өсетінін айтты.
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша бала шотына түсіп жатқан сома туралы түсінік берді.