Ұлытау облысында 5 жыл бойы өгей балаларын құлдықта ұстаған әйелге үкім шықты

0
95
фото Aikyn.kz
Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ.

Ұлытау облысында 5 жыл бойы өгей балаларын құлдықта ұстап, қинаған әйелге сот үкімі шықты. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот үкімі бойынша әйел түрмеде 4 жыл жазасын өтейді.  Бұл туралы Almaty.tv арнасына шықты.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Алайда куәгерлердің берген жауабы мен сараптама қорытындысы әйелдің қылмысын растады. Соттың мәліметінше, ол балаларды қала сыртында күштеп ұстап, ұрып-соғып, бес жыл бойы шаруашылық фермада жұмыс күші ретінде пайдаланған.

«Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1 тармағы («Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау») және 2 тармағы бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Қылмыстық кодекстің 142-бабы («Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану») бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігімен қылмыстарды неғұрлым қатаң жазамен біріктіргені үшін онша ауыр емес жазаны өтей отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалсын”, – деді судья Айкерім Ержанова.

Ұлытау облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Гүлмира Жаппасова барлық куәгерлерден жауап алынғанын атап өтті. Алайда омбудсмен айыпталушыға тағайындалған 4 жылды аз деп санайды.

«Прокурор сотталушыға 7 жыл мерзім сұралды, бірақ сот шешімімен осы 110 және 142-баптар бойынша 4 жыл тағайындалды. Бұл өте аз деп ойлаймын», –  деді Жаппасова.

Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Ажар Ғиният МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салуға қатысты түсінік берді


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213