Ұлытау облысындағы өрт сөндірілді

0
145
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңғы сағат 06:15-те Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 шақырым жердегі өрт сөндірілді.

Өрт 1 500 гектар жерді шарпыды. Оны сөндіруге Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен оған қарасты мекемелерден 40-тан астам адам мен 10-ден астам техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау кеше шыққан болатын. Елді мекенге қауіп төнген жоқ.

Д.ЖҰМАБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ