Ұлытауда сотталғандарды азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері сотталды

0
36
Фото: Halyq Uni

Биыл 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесін 7 қызметкері мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне, жалпы 11 адамға сот үкімі жарияланды

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар айыпталушылардың сотталған 11 адамға қатысты азаптау әдістерін қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.

Сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы мекеменің басқа да 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз