Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты
Оның бостандыққа шыққаны туралы ақпараттар Тик-Ток әлеуметтік желісінде тараған. Бұған дейін оны бостандыққа шығаратын сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енетіні хабарланған еді.
Естеріңізде болса, Мұрат Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.