Мұздатқышта сақтауға болмайтын 4 өнім

0
138

Кейде дүкеннен тым көп азық-түлік сатып алып, бәрін тоңазытқышта сақтайтынымыз рас. Әрине, егер тағамды дұрыс сақтасаңыз, оның жарамдылық мерзімін ұзартуға болады. Дегенмен тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамдар туралы да біле жүргеніңіз артық болмас деп хабарлады turkystan.kz.

Мамандар тоңазытқышта сақтауға болмайтын төрт өнімді атады.

Нан

Қазір үйде нан пісіретіндер аз. Кейде көп мөлшерде сатып алып, қалғанын тоңазытқышта салып қоямыз. Бұл өте ыңғайлы болып көрінеді, бірақ нанды тоңазытқышта сақтау оның жарамдылық мерзімін ұзарта алмайды. Негізі, оны сөмкеге орап, қараңғы, салқын жерге қою жеткілікті және оны сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жеуді ұмытпаңыз.

Бал

Көптеген адам балды жақсы көреді. Ол қоректік заттарға бай және ағзаға пайдалы. Кейбіреулер балды дәмі нашарлайды деп қорқып, тоңазытқышқа салады. Бірақ бұл балдың дәмін нашарлатып қана қоймай, зиянды заттардың бөлінуін тездететінін біле жүріңіз.

Банан

Бананды да тоңазытқышта сақтауға болмайды. Өйткен бұл өнім тез бұзылады.

Қызанақ

Егер сіз қызанақты тоңазытқышқа салсаңыз, тез шіріп, жарылып кетеді. Мұндай күйде тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан қызанақты тоңазытқышқа салмауға тырысыңыз. Оларды пленкамен орап, салқын жерде қалдырғаныңыз жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз