Мәжіліс бәсекелестік мәселесіне арналған заң жобасын мақұлдады

0
97

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

Заңының жобасы мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тауар нарықтарындағы нарықтық шоғырлану деңгейін төмендетуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталды.

Аталған заң жобасы 2021 жылғы 3 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Жұмыс тобының заң жобасымен жұмыс істеуі барысында депутаттар:

– үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің негізгі қуатына нарық субъектілерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге байланысты нормаларды нақтылау;

– мемлекеттік тапсырмаларды бөлу үшін негіздемелердің толық тізбесін, сондай-ақ тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне енгізу үшін өлшемшарттарды белгілеу;

– мемлекеттік және жекеменшік операторлардың қызметін заңнамалық реттеу;

– мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалар қызметінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі монополияға қарсы органның құзыреттерін нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді.

Мәжіліс депутаты Самат Ақышевтың айтуынша, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және заң техникасының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді.

Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытындылар берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ