Мал ұрлығымен айналысқан 2 адам ұсталды

0
185
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында мал ұрлығының 8 дерегіне қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысының ПД қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өңір аумағында мал ұрлығымен айналысқан 2 адамның қылмыстық әрекетін тоқтатты. Олар Қазығұрт ауданының 2 тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдіктілер қылмыстық әрекеттерді алдын ала жоспарлап, жайылымдарда адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, малды ұрлағаннан соң, артынша ГАЗель көлігіне тиеген. Содан кейін ұрланған малды Сайрам, Сарыағаш ауданы және Тараз қаласының мал базарларында сатқан. Ұрылар қылмыстық жолмен тапқан пайдаларын өзара бөліскен, – делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктілердің Қазығұрт ауданында жасалған мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы барын дәлелдеді. Заттай дәлелдемелер ретінде ГАЗель автокөлігі мен 3 бас мал тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған адамдардың Түркістан облысының аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз