Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін салтанатты түрде қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандары орындалды.