Мемлекеттік сатып алу: Жүйеге қандай өзгеріс енді?

0
332

Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі қолжетімділігі және ашықтығы тұрғысынан әлем бойынша 109 елдің ішінде 3-орында екен. Мұны Дүниежүзілік банктің арнайы зерттеуі растайды. Отандық мемлекеттік сатып алу порталында 100 мыңнан аса өнім беруші және 24 мыңнан аса тапсырыс беруші тіркелген.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, біздегі мемлекеттік сатып алудың барлық үдерісі автоматтандырылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша электрондық веб-портал арқылы жүргізілген сатып алу көлемі 5,9 трлн теңгеге жетіпті. Былтыр рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурс түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілген.

«Осы күнге дейін осы рейтингтік-балдық жүйе арқылы жалпы сомасы 225 млрд теңгеге 899 шарт жасалды. Бұл тәсіл конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуынсыз сатып алу жеңімпазын автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар сатып алуды онлайн режімде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен енгізілді. Ол арқылы былтыр 43 млрд теңегеге 185 мың сатып алу өткізілді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі іске қосылды. Бұл тәсіл сатып алу процедураларын 2 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Биылдан бастап сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклдің құнын пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді, мұнда өнім берушіні таңдау сатып алу бағасы негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады», деді вице-министр.

2022 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңынан бір көзден сатып алудың 7 негіздемесі алынып тасталған және 8 негіздемесі қайта қаралған.

«Заңды бәсекелес тәсілмен жүзеге асыру туралы талап енгізілді. Сондай-ақ тапсырыс берушінің бірінші басшысының бір көзден сатып алуды негізсіз қолданғаны үшін дербес жауапкершілігі көзделді. Осылайша, 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы бір көзден сатып алудың көлемі 38%-дан 25%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте тапсырыс берушінің мұқтаждығын жедел өтеуге мүмкіндік беретін тек аса маңызды негіздер сақталған. Мысалы, табиғи монополия қызметтері, ТЖ кезіндегі сатып алулар, ведомстволық бағынысты ұйымдардан сатып алу сияқты негіздемелер қалдырылды», деді спикер.

Бұған қоса бәсекелестік тәсілдер­мен өткізілген сатып алулар саны 877 мыңнан 1,6 млн дейін өскен.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру барысында Мемлекет басшысының құрылыс нарығын демонополизациялау жөніндегі тапсырмасы да айқын ескеріледі. Ведомство өкілінің айтуынша, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу үшін тапсырыс берушінің қосымша құқығы көзделген. Сондай-ақ көрсетілген қызметтер тәжіри­бесінің болуы бөлігінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшем­шартты есептеу 10 жылдан 5 жылға дейін төмендетілді.

«Қазіргі уақытта Қаржы министр­лігі аумақтық белгі және теріс мәні түріндегі әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін жаңа өлшемшартты белгілеу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер пакетін әзірледі. Түзетулер бүгінде ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр. Бұл тәсілдер жергілікті компанияларға конкурста жеңіске жетуге және жұмыс көлемін қосалқы мердігерлікке беру фактілерін болдырмауға, ірі компаниялардың монополиялық жағдайын төмендетуге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді», деді Д.Кеңбейіл.

Бастауын былтыр алған тағы бір жаңашылдық – «Самұрық-Қазына» қорының және квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерінің сатып алуларын реттейтін «Квазимем­лекеттік сектордың жекелеген Субъек­тілерінің сатып алуы туралы» заңның күшіне енуі. Бұл ретте Қордың директорлар кеңесі сатып алудың жаңа тәртібін бекітіпті.

«Басқа ішкі құжаттарға сілтеме­лер­сіз тікелей әрекет ету тәртібі қабыл­­­данды. Сатып алудың бәсеке­лес­тік емес тәсілдерін алып тастау және отандық бизнесті қолдауға бағыт­­талған кешенді шаралар көздел­ген. Бір көзден сатып алу тәсілін заң­сыз қолданғаны үшін дербес жауап­кер­­шілік енгізілді. Қордың сатып алу пор­талында барлық ақпарат­ты орна­лас­тыру, сондай-ақ шағымд­ар тізімін қалыптастыру қарастырылған. Қор­дың сатып алу тәсілдері мейлінше мемле­кеттік сатып алуларға жақындатылып, бір ізге түсірілді», деді спикер.

Қордың сатып алу тәртібін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен мін­детті түрде келісу заңмен бекітілген.

Вице-министрдің сөзінше, Мем­ле­кет басшысының 2022 жылғы 1 қыр­­­күйектегі Қазақстан халқына Жол­­­дауында айтылған тапсырмасын орын­­дау үшін «Мемлекеттік сатып алу ту­ра­лы» жаңа заңды әзірлеу бойынша жұ­мыс­тар жүргізіліп жатыр.

«Жаңа заңның негізгі мақсаты – рәсімдерді егжей-тегжейлі реттемес­тен заңға икемділік беру, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, одан әрі цифрландыру есе­бі­нен сатып алу үдерісін оңай­лату және сатып алулар бойынша бірың­­­ғай платформа құру. Мүдделі мем­ле­­кеттік органдар мен ұйымдар қата­ры­­нан жұмыс тобы құрылды. Бір­лес­кен талқылаудың, сондай-ақ проб­­ле­малық мәселелерді анықтау тұр­­ғы­сынан заңнамаға жүргізілген нә­т­и­желер бо­йынша жаңа заңның не­гіз­гі тәсілдері әзірленді. Қазіргі уа­қыт­та заң жобасы реттеушілік сая­сат­­тың консульта­тив­тік құжатының жо­ба­сы – қоғамдық талқылауда», деді вице-министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ