Министр енді «Алтын Орда» базары маңында «жабайы сауда» болмайтынын жеткізді

0
179
фото: Halyq Uni
Саудагерлер арасында түсіндіру жұмысы жүргізіледі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Алтын Орда» базарының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында министрге депутат Ерболат Саурықов сұрақ қойды.

Мәжілістің жұмыс тобында Сауда және интеграция министрлігі ақпарат берген. Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында жаңартуға жататын 16 базардың ішінде «Алтын Орда» базары бар ма? – деді ол.

Арман Шаққалиев «Алтын орда» базары Алматы облысында тіркелгенін атап өтті.

«Жол картасында ондай нысан бар. Бүгінде үшінші үлкен көтерме тарату орталық болады. Онда 2 үлкен павильон салынды. Біреуі азық-түлікке, екіншісі азық-түлік емес тауарларға арналған. Қазір көптеген адам көшеде сауда жасай беретіндерін айтып отыр. Оларға қосымша төлем төлемей, солай жұмыс істеу ыңғайлы. Көшеде тауар сату – болмайтын формат. Саудагерлерге соны айттық», – деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ