Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Әмір Омарханов рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннисші Аустралияның ашық чемпионатында ойнап, көрерменнің көзайымына айналды

Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді.

Бұл – елімізде спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдер үшін ең үздік көрсеткіш. Қазақстанның жасөспірім теннисшілерінен ешкім әлемдік рейтингте мұндай биікке көтерілген емес.

Бұған дейін 16 жастағы спортшы ITF Juniors рейтингінде 27-орында болған еді. Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалында ойнап, рейтингін бірден жақсартып алды. Ол ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға шығып, үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде төмендеді

zamandas69@mail.ru

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

zamandas69@mail.ru