Нашақорлық неге тыйылмай тұр?

0
231

Өкінішке қарай, Алматыда есірткіге тәуелді 1 130 нашақор ресми тіркелген екен. Ал осы жылдың екінші тоқсаны енді басталғанына қарамастан полицейлер есірткіге қатысты 205 қылмысты анықтаған. Оның ішінде тәртіп сақшыларының табанды жұмысының нәтижесінде есірткі сатуға қатысты 35 әрекеттің жолы кесіліпті.

Жасыратыны жоқ, нашақорлық қоғам дертіне айналып отыр. Қаншама тағдырды талқандаған нәубетке жастардың көптеп шырмалып жатқанына көңіл жүдейді. Ең өкініштісі, күн өткен сайын есірткі тектес заттардың формасы түрленіп, мектеп жасындағы жеткіншектерге де ауыз сала бастаған. Бұл дертпен қоғам болып күресу қажет. Осыған орай құзырлы орындар мен білім басқармасы мектептер мен колледждерде тақырыптық дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу ісін қолға алды. Жастар мен жасөспірімдерге «Есірткіге бірге қарсымыз!», «Назар аударыңыз! Бейжай қарамаңыз» атты кітапшалар мен жадынамалар таратыла бастаған. Әр азамат есірткіге қатысты қандай да бір хабарға қанық болса, кітапшада көрсетілген жедел желіге хабарласа алады.

Наурыз айында Алматыда 60 килоға жуық есірткі, оның ішінде 7,5 кило синтетикалық есірткі тәркіленген. Осылайша, жалпы сомасы 187,5 млн теңгені құрайтын 30 мың доза әлеуетті тұтынушыларға жетпей жолы кесілген. Сонымен қатар «синтетика» шы­ғаратын 3 есірткі зерт­ханасы жойы­лыпты. Есірткі қой­­масын ұйым­дас­тырудың 2 де­­регі және құрамында есірткісі бар­ өсімдіктерді өсірудің 1 де­ре­гі анықталған. Маман­дар­дың­ айтуын­ша, синте­тикалық есірт­кіні интернет көме­гімен немесе электронды төлемдерді қолдану арқылы тарату үрдісі өзекті мәселенің бірі болып отыр.

«Биыл қалада 27 есірткі бет­­бел­­гісін қоюшы ұсталды. Сон­дай­-ақ жыл басынан бері есірткі тара­татын және жарнамаланатын 73 ин­тернет-ресурс анықталды. Олар туралы ақпаратты одан әрі бұғат­тау үшін «Кибернадзорға» жібе­рілді. «Наркостоп» қозға­лы­сының еріктілерінің белсенді қаты­суымен есірткінің таралуы тура­лы ақпаратты қамтитын 1 мың 500 граффити жазуы табылды және бояу арқылы жойылды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-бабы 1-1-бөлігімен 1 адам жа­уап­­кершілікке тартылды.­ Жыл басынан бері 300-ге­ жуық про­фи­лак­тикалық іс-шара­­ жүргізілді. Нар­колог-дәрі­гер­­лермен бірлесе, ақпа­раттық жұмыс жүргізуге бас­ты назар аударып отырмыз», дей­ді Алматы қалалық полиция де­пар­таментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сап-сау баласының аз уақытта есірт­кінің құрбаны болғанын айтып­ налыған кейбір ата-аналар қан­шама отбасын қан қақсатқан та­жалмен бірлесе күресуге бел бай­лаған. Есірткімен күресте жі­гер­ танытқан ерікті жастардың да­ белсенділігі басым. Айталық, «Нар­костоп» жобасының еріктілері биыл­ Алматыда 1500-ден астам есірт­кі жарнамаланған белгіні жою­ға атсалысқан. Жоба өкілі Жа­нар Нұрсейітованың айтуын­ша,­ өткен жылы еріктілердің бел­сен­ді қатысуымен есірткіні жар­на­ма­лайтын 300 мың граффити боялған.

«Екі жылда жүйелі нәти­же­лер­ге қол жеткіздік. Қарапайым мысал келтірейін, егер алғашқы күндері 50-ге жуық ерікті дәрі-дәрмек жарнамасын бояуға шықса, орта есеппен бір еріктіге 100 жазудан келетін. Қазір тура сон­­дай алаңда 50 еріктіге 10-15 жазу­­­дан келеді. Бұл суреттерді өші­ріп тастаған соң қайта пайд­а бол­ған граффитилер», дейді Ж.Нұр­­сейітова.

Нашақорларды емдеу мен оңал­ту да маңызды мәселе. Жеке­ орталықтарда емделу құны ­тым қымбат болғандықтан, азамат­тар­дың қалтасы көтере бермей­­ді­. Белсенділер жеке оңалту орта­­лықтарының барлығы бір­дей­ стандартталмағанын, соған қара­мастан бірнеше жеке емдеу­ мекемесімен келісімге қол­ жеткізілгенін айтады. Қаржы­лан­дыру мәселесін Жастар саяса­ты­­ жөніндегі басқарма қолға ал­­ған. Жоба жүзеге асқалы 13 адам­ тегін оңалтудан өткен. Биыл­ белсенділер «Жаңа ғасыр» қауым­­­дастығымен бірлесе отырып,­ оңалту орталықтарымен бай­­ланысты нығайтуды көздеп отыр.

«Жүргізген сауалнама нәти­же­сі бойынша жастардың 10%-ы өмірінде бір рет болса­ да синтетикалық есірткі қа­был­­­дағанын анықтадық. Син­те­ти­ка­лық­ есірткіні пайдаланушылар әлеу­меттік топтарға бөлінбейді. Ал жал­пы бұл – әлемдік деңгейдегі қауіп­ті үрдіс. Біз қоғам болып­ есірт­кі қылмысымен бірге күре­суі­міз керек», дейді жастар сая­саты жөніндегі басқарма бас­шы­­сының орынбасары Әзиз Қажденбек.

Ал психолог-аддиктолог­ Ға­лия Назханова есірткіге тәуел­ді­­­лердің орташа жасы тез жаса­рып­ бара жатқанын айтады. «Тәжі­­рибемде синтетикалық есірт­кі­ мен психостимуляторларды қол­­данған 11 және 12 жастағы бала­лар болды. Нашақорлардың ара­сында отбасылы, немере сүйіп­ отырған 60-тан асқан ересек­тер де­­ бар», дейді ол.

Жоба белсенділері дәрі­хана­да­ғы нашақорлық мәселесін бір­неше рет көтеріп, бірқатар ми­нистрлікке тиісті хаттар­ жол­да­ған. Үкімет биыл «Трамадол» пре­паратын есірткі заттарының тізі­міне енгізді. Сондай-ақ жас­тар­мен жұмыс істеуге, олардың бос­ уақытын тиімді өткізуге ерекше­ көңіл бөлі­не­тінін айта кеткен жөн. Осы мақ­сат­та жоба еріктілері қалада жас­өспірімдердің бос уақытын өт­кізу орталықтарын ашқан. Де­ма­лыс орталықтарынан басқа, ата-аналар немесе туыстары на­ша­­қорлыққа күдікпен жүгіне ала­тын­ фронт-кеңселер де бар. Ад­ди­к­­­­­­­­то­­логтер оқиға орындарын­да ал­ғаш­қы кеңес беріп, жолдама бере­ді. Бұл мақсаттарға 59 млн теңге бөлінген.

«Наркостоп» жобасы алғаш рет­ Алматыда 2021 жылы іске­ қосылды. Граффитидегі сурет­тер­ді өшіруден басталған жоба бү­гінде бағытын кеңейтіп, син­те­тикалық тәуелділік мәселесіне ке­шенді түрде жақындады. Кейінгі уақытта қала тұрғындары аула­лар­ға орнатылған бейнебақылау құ­рылғыларының көмегімен есірт­кі қылмысымен күрес мәсе­ле­сіне айтарлықтай үлес қоса ­бас­таған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213