Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу

0
81

Алматыда «Жасөспірім және заң» жедел іс-шарасы өткізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласында жедел жағдайды тұрақтандыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 27-30 қаңтар аралығында «Жасөспірім және заң» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараға мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және жұртшылық өкілдері қатысуда. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және оны болдырмау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қараусыз және панасыз қалған балаларды анықтау. Сондай-ақ түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде жүрген жасөспірімдерді, құқық бұзуға бейім топтарды және оларды қылмыс жасауға итермелейтін ересектерді анықтау. ПД-ның айтуынша, әр аудандық полиция басқармасында жедел штабтар құрылған. Сонымен қатар құқық бұзуға бейім кәмелетке толмағандарды, қараусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын жерлерге – аулаларға, жертөлелерге, шатырларға, ойын-сауық орындарына, базарларға және вокзалдарға тексеру жұмыстары ұйымдастырылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213