Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға болмайды

Ішкі істер министрлігі осы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынатынын ескертті.

Сонымен қатар, мопедтерді жүргізуші куәлігінің А1, А немесе В санаттары болған жағдайда ғана басқаруға болады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ХҚКО-лардың жұмыс кестесін өзгертті.

Енді мопедтерді тіркеу үшін құжаттарды жұмыс күндері сағат 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 14.00-ге дейін тапсыруға болады.

Бүгінгі таңда 17 мыңға жуық мопед тіркелген.

Азаматтарды осы рәсімді соңғы күнге кейінге қалдырмауға шақырамыз, өйткені ХҚКО-ларда кезекте тұрып қалу немесе тіркелмеген мопедті пайдаланғаны үшін айыппұл алу қаупі бар.

Сәйкес жаңалықтар

ТЖМ Комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлыққа күдікті

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

zamandas69@mail.ru

ҚАЗАҚСТАНДА «МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «MEDSKILLS ZHETYSY-2025»ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ