Оқу-ағарту министрлігінің құзыреті кеңейеді

0
228

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауына шығарылды.

Жаңа өзгеріске сай, енді министрлікке мына құзыреттер берілуі мүмкін:

– 12 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту;

– 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды айқындау;

– мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындау;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту;

– еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;

– «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту;

– аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарына қойылатын тану қағидаларын бекітеді. Танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру және бекіту;

– мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы және оны әзірлеу қағидаларын бекіту.

Министрлік түсіндірмесіне сай, бұл құзыреттерді беру – білім саласын одан әрі дамытуға және оның сапасын арттыруға ықпал етеді.

Аталған Қаулы 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ