Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Орта салмақтағылардың бәрі менен қорқады – Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жектегі қарсыласына қарата мәлімдеме жасады.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Ол бұған дейін канадалық Стивен Батлерге қарсы екінші титулды қорғайтынын ресми түрде жариялаған болатын. 12 раундтан тұратын жекпе-жек 13 мамырда Стоктон аренада (Калифорния, АҚШ) өтеді.

«Орта салмақтағылардың бәрі менен қорқады. Сондықтан мен Стивен Батлерге жекпе-жекке келіскені үшін тиісті жауап қайтарамын. Мен дивизиондағы барлық атақтарды біріктіргім келеді, бірақ Батлерді елемеуге болмайды. Ол өте мықты қарсылас. Осы жекпе-жекте Стоктондағы жанкүйерлер мен оны ESPN арқылы тамашалайтын көрерменге керемет шоу көрсетемін деп үміттенемін», деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сәйкес жаңалықтар

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте қай орында тұр?

Әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтуде