Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі

0
162

31 наурыз күні кешке Майамидегі турнирдің жартылай финалында теннисшіміз Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кортқа шығады.

Sports.kz хабарлауынша, кездесу Астана уақытымен 20:00-де өтеді.

Айта кетейік, Майами турнирінің биылғы жүлде қоры – 8 800 000 доллар. Жеңімпаз 1 262 220 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Бұған дейін Майамиде өткен турнирде Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаяны (64-орын) 7:5, 4:6, 6:3, испандық Паула Бадосаны (29-орын) 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтқан еді. Сонымен қатар ол бельгиялық Элиз Мертенсті (39-орын) 6:4, 6:3 және итальяндық Мартина Тревизанды (24-орын) 6:3, 6:0 есебімен жеңген.

Джессика Пегуланың өнеріне келсек, ол жартылай финалға жолдаманы канадалық Кэтрин Себовты (172-орын) 6:3, 6:1 есебімен, америкалық Даниэль Коллинзді (30-орын) 6:1, 7:6 есебімен, полька Магда Линетті (19-орын) 6:1, 7:5 және ресейлік Анастасия Потапованы (26-орын) 4:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіп алған.

Елена Рыбакина аты аңызға айналған Серена Уильямстың тарихи рекордын қайталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ