Қостанай облысында ауылдасын ұрып өлтірген күдікті ұсталды

0
190
Фото: polisia.kz

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының полиция қызметкерлері ауылдасын ұрып өлтірген күдіктіні ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қылмыс Меңдіқара кентінде болған. Полицияға аудан орталығының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің жанынан ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қаза тапқан адамның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар екенін анықтады.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның нәтижесінде сот-медициналық сараптама қаза тапқан адамның зорлық-зомбылықпен өлтірілгенін растады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, ішімдік ішіп отырған кезде жанжал болғанын айтты. Сол кезде күдікті жәбірленушіге бірнеше соққы жасап, өлтіріп қойған.

Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу болып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ