Отан үшін отқа түс күймейсің

0
795

Бұл әлемде Отан деген ұғымнан ұлы ұғым жоқ. Ал , ер азаматтар мен азаматшалар үшін Отан қоруадан артық бақыт жоқ. Ұлы даланың ұлы ұрпақтарын Отан қорғау ұлы мерекесімен құттықтаймын. “Ормансыз Бұлбұл жетім, Отансыз ұрпақ жетім” деп атам қазақ бағы заманда – ақ Отан қадірін құт құлаққа құрыштай қортып құйып кетті емес пе?!
Тумыз бйік, тұғырмыз берік, еліміз бейбіт, жерміз аман болсын!!
Ұрпақтар Отанмыздың батыр да батыл, білімді де ғылымды, өнерлі де өнегелі өміршең азаматтарынан болып өсе берсін, Қазақ мемлекетінің абыройын әлім елдері алдында асқақта берсін!!
Бұл жай мереке емес. Бұл ұлы мереке, өте мәртебелі мереке, ұлы тәуелсіздік мерекесі. Қасиетті қазақ халқымыздың ғасырлар бойы күресіп, ғасылар бойы армандап, ұзақ аңсап қол жеткізген ең қымбат мерекесі. Біз бұл мерекені шынайы сезінуміз әрі шынайы қастерлеуміз , азаматтық арымызбен бағалмыз керек!!
Қасиетті Отанмызды көзіміздің қарашығындай қорғаумыз, аялаумыз керек. Бұл әр бір қазақстан азаматының жан жүрегімен қабылдауға және атқаруға тиісті парызы. Ұлы Отан алдында өтеуге тиісті қарызы…
Оттан – оттан да ыстық. Отансыз адам тұл жетім. Біз өте тіл жеткісіз бақытты ұрпақпыз. Үйткені біздің ұлы Отанмыз бар. Бақытты халқымыз бар. Ұланғайыр жерміз бар, сарқылмас байлығмыз бар. Жетілген елдің жеті таңбасы бар , жетелі ұрпақпыз. Салтымыз толық сақталған, дәстүрміз толық атқарылған, жетті атадан қанмыз бұзылмаған жер бетіндегі ең бақытты халықпыз!!
Бүгінгі Отан қорғау , Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! Ұлы той деп осыны айтады. Отанмыздың қадір қымбатын бағалай білейік. Отан құшағындағы әр атқан таңмыз бақытты!!
Тәуелсідікті алу қанша қиын болса, оны алып жүру одан да қиын, бәрінен қиыны оны мәңгілік сақтап қалу. “Отан үшін отқа түс күймейсің” деп Бауржан батыр атамыз ұлы өсиетін бәрмізге қалтырып кетті емес пе!!
Ұлы мереке құтты болсын!!
Ұлы даланың ұлы ұрпақтары!!
Ұлы мемелекетте Отан қорғаудың алдыңғы шебінде қасқайып алда жүретін екі сарбаз бар.
Бірі – қолына қару алған батыр сарбаздар. Енді бірі – қолына қалам алған қас қаламгерлер. Олар мемелекеттің қос қанаты. Қара орман халқым бар . Ол – мемлекеттің лүп – лүп соғып тұрған жүрегі… Өсіп келе жатқан ұлы ұрпақ бар . Ол – елдің ертеңі, мемлекеттің келешегі.
Ұланғайыр жерміз бар. Ол – мемлекеттің сарқылмас байлығы…
Отан құрғап шегара шебінде жүрген, қолына қару ұстаған , айбатты батыр сарбаздармыз бен қолына қалам ұстаған ұлт зиалылары аман болсын . Жалпы халқымыз аман болсын, ұрпақтармыз аман болсын. Бейбіт берекелі заман болсын!!!
Ел тұтқасын ұстаған арлы , адал азматтармыз аман болсын!!!
Ақ басты аталармыз, ақ шылауышты аналамыз, ай маңдай арулармыз, бақытты балаламыз аман болсын. Амандық бар жерде , еш жамандық болмайды.
Болат Бопайұлы
Алматы. 07.05. 2023 жылы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ