Отар-Алматы учаскесінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

0
113
фото: vera.kz

Бүгін Шилібастау станциясында №4 «Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» компаниясы.

Компанияның мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 «Астана-Алматы-2» пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді, – делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ