Пайыздық мөлшерлеме төмендей ме?

0
179

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдағаны белгілі. Бұған инфляция тәуекелдері теңгерімін бағалау негіз болған. Бір жылдан бергі геосаяси жағдайлар мен әлемдегі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отырғаны айтылған еді. Қазіргі таңда алқымнан алған нарықтағы қымбатшылық үдемесе, тоқтар түрі жоқ.

2023 жылдың қаңтарында жылдық инфляция өсу қарқынын жалғастырып, 20,7% болды. Айлық инфляция төрт ай қатарынан 1,1%-ды құраған. Экономикалық зерттеу институтының мәліметінше, ақпан айындағы инфляция өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 21,3%-ды құрап, былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда азық-түлік тауарлары – 26,2% (1,5%), азық-түлік емес тауарлар – 20,5% (0,8%) және ақылы қызметтер 15%-ға (1,3%) өскен. Халықтың көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің ішінде пияз – 105%, қияр – 56,8%, кесек қант – 55%, қаптамадағы сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, банан – 44,5%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн – 40,2%, қаймақ – 39,1%, нан және ұн өнімдері – 36,7%, алкогольсіз сусындар – 26,8%, сондай-ақ ет және ет өнімдері 16,8% болды. Бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш (2022 жылғы желтоқсанда 20,3%) дегенді айтып отыр сарапшы Бақберген Тоқтасын.

Сарапшылар айлық инфляция бір­­тіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзі­нің ор­таша жылдық мәнінен жо­ғары кү­йінде қалып отыр дейді. Инфляция тәуекелдерінің теңгерімі проинфля­­ция­лық­ күйін сақтап қалды. Себебі инф­ляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды

Ұлттық банк монетарлық шарттарды одан әрі қатаңдатпай-ақ қойса болады. Өйткені реттеуші бұған дейін базалық мөл­шерлеменің қолжетімді деңгейі ай­тар­лықтай жоғары деп бағалаған. Оны ұзақ уақыт бойы ағымдағы мәнде ұстау инфляцияның тұрақтануына және ортамерзімді перспективада біртіндеп төмендеуіне мүмкіндік беретіндігін мә­лім­деген еді. Ал аталған базалық мөл­шер­леменің еліміздің экономикалық өсу бағытына әсері қандай болмақ? Отандық сарапшылар бас банктің биылғы жылға белгілеген 16,75% базалық-пайыздық мөлшерлемесі жыл соңына қарай шамамен 13,5% болады деген пікірде.

«DAMU Capital Management» бас директоры Мұрат Қастаев еліміздегі инфляция биыл бірінші тоқсанда ша­рық­тау шегіне жетіп, екінші тоқсанда тұрақтанады дейді. Инфляция деңгейі екінші жартыжылдықта төмендеп, жыл соңына қарай 12-13% деңгейде қалыптасатынын айтса, «Сентрас Секьюритиз» АҚ талдау департаментінің директоры Маржан Меланич те осы факторларды ескере отырып, базалық мөлшерлеме ағымдағы 16,75% деңгейде сақталып, жыл соңына қарай 13%-ға дейін төмендейтінін болжамды түрде жеткізді.

Қазақстан Қаржыгерлері қауымдас­ты­ғының сарапшылары аталған базалық-пайыздық мөлшерлеме осы жылдың бірінші тоқсанында жоғары деңгейде сақталып, жыл соңына қарай 13,5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін деген болжамға келсе, онда ел экономикасының тепе-теңдік деңгейі 3-4% шегінде дамып, экономикадағы нақты пайыздық мөл­шерлеме қазіргі уақытта 2,85%-ды құ­рап, биыл бұл теңгелік активтердің тар­­тым­­дылығына және ұлттық валюта, ceteris paribus бағамына теріс әсер етіп отыр­­ған­дығын айтуда.

«Jusan Analytics» сарапшысы Айжан Әлібекова баға өсуінің баяулауы тұрақты үрдіске айналған са­йын базал­­ық мөлшерлеменің де біртін­деп төмен­дейтінін атап өтті. Ол іскер­лік белсенділікке айтарлықтай зиян келтірмеуі керек, бірақ сонымен бірге ин­фляциялық үдерістердің тұрақ­та­­нуын қамтамасыз етуге тиіс деген ой айтады. Шешім қабылдау кезінде инфля­циялық және экономикалық даму тәуе­кел­дері арасындағы теңгерім ескері­леді. Қа­лып­тасқан үрдісті тұрақсыздандыру тәуе­келдерін болдырмау үшін тежеуші монетарлық шарттар сақталып, жыл соңына қарай мөлшерлеменің жылдық пайыздық көрсеткіші 13,5-14,5-ке дейін төмендеуі керектігін жеткізді. «GSB UIB» бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, бұл ­­– өте жоғары пайыздық көрсеткіш.

«Мұны одан әрі көтеруге ешқандай негіз жоқ. Бұл жайт, тіпті, қалталы азаматтарға да ауыр соғып отыр. Өйткені іскерлік белсенділік төмендейді әрі эко­номиканың қарқынды дамуы тежеледі. Қазіргі күні сыртқы инфляциялық ортаның қалыптасуына қара­мастан, дамыған елдердің орталық банк­тері қатаң монетарлық саясат жүр­гізіп жатыр. Қаржылық қысым­ның әлсіреуіне байланысты кейбір елдерде тұтынушылық инфляция бәсеңдеген. Бұл Қытайда 1,8 па­йызды құраса, Ресейде 12 пайызға дейін төмендеген. Сыртқы инфляцияның, оның ішінде рубль бағамының артуы қазіргі қалыптасқан ахуалға байланысты базалық мөлшерлемені ағымдағы мәнде ұстау талап етілуде. Егер Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлемесі ұзақ мерзімді құраса, бұл экономикамыздың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Оны өз мәнінде ұстап тұрудың негізгі себебі – Ресейден мобилизацияланған азаматтардың келуі. Соның салдарынан инфляцияның өсуі, халық арасында инфляциялық күтудің жоғары қалыптасуы орын алып жатыр», дейді сарапшы.

Сарапшылар айлық инфляция бір­­тін­деп баяулап келеді, бірақ ол өзі­нің ор­таша жылдық мәнінен жо­ғары кү­йінде қалып отыр дейді. Ин­фля­ция тәуекелдерінің теңгерімі про­ин­фля­ция­лық күйін сақтап қалды. Себе­бі инф­ляцияның орнықты бөлігі жоға­ры қалыптасып, инфляциялық күту­лер қарқын алды. Логистикалық тіз­бек­тердің құрылымдық өзгеруі эконо­микаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Сақ­­та­­лып отырған тәуекелдер ба­залық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағым­да­ғы мәнде ұстап тұруды талап етуде деген пікір қосады мамандар.

Қалай айтсақ та, Ұлттық банк биыл­ғы базалық мөлшерлеменің пайыз­дық көрсеткішін айқындап берді. Сарап­шылар болса қабылданған көрсеткіш негі­зінде өз ойларын жеткізді. Ендігі шешімді Ақша-кредит саясаты 2023 жылдың 7 сәуірінде жариялайды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ