Полиция қызметкерлері вейптің ірі партиясын тәркіледі

0
31

СҚО-да полиция қызметкерлері вейптің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы жылдың маусым айынан бастап айналымына тыйым салынған вейп саудасына күдікті 19 жастағы петропавлдықты анықтады. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіледі. Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді. – Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз