Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды

0
143

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар хабарламада: «Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», делінген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ