Президент Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.