Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Президент тапсырмасы: 1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

көрнекі фото: Halyq Uni
Әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие мөлшерлемесі 7 пайыздан аспауы қажет

Президент Ұлттық құрылтайда тапсырған жаңа тұрғын үй бағдарламасы биыл 1 мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты,

«Қазір бұл бағдарламаны іске асыру үшін «Отбасы банкі» 300 млрд теңге тартып жатыр. (Жаңа ипотекалық бағдарлама) халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған және оның мөлшерлемесі 7%-дан аспайды.

Биыл 1 мамырда біз бағдарламаның толық шартын жариялап, іске қосамыз. Оны іске қосу үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді», – деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Министр уақыты келгенде ведомтво мен «Отбасы банкі» қызметкерлері арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, бағдарламаның шартын қазақстандықтарға түсіндіретінін атап өтті.

Айта кетсек, 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік осал тобына арналған тағы бір жеңілдетілген ипотеканы іске қосу керек екенін айтып, Үкіметке тапсырма берді.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл халықаралық қауымдастық үшін дер кезінде қолға алынған аса маңызды форум болады

«Көке-жәкесі бар болғандықтан жіберді демесін». Бокстан бас бапкер Олимпиадаға кімдер баратынын айтты

Ерлан Жағыпаровты атқан подполковникке қатысты сот үкімі шықты