Приозерск қаласы полициясының бір топ қызметкері жауапқа тартылды

0
179
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы
Тәртіп сақшыларының басшысы кәсіпкерге қоқан-лоққы көрсеткен

Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының бір топ полиция қызметкері жауапқа тартылды.

Қала прокурору анықтағандай, қала полициясы бөлімінің бастығы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мейрамхана әкімшісін бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексеретінін айтып, жұмыс істеуге тыйым салынатын ескерткен. Ол кәсіпкермен телефонмен сөлесіп, біраз қорқытқан. Осының бәрі видеоға жазылып алынған.

Тексеру кезінде  Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.

Бұл оқиғаға байланысты Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ІІМ-ге жолданды.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерде проблема болса, прокуратура органдарына +77051291140 нөмірі арқылы хабарласа алады, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, Полиция бөлімінің бес лауазым иесі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз