Рәмізге құрмет-елге құрмет

0
329

Патриотизм сезімін арттырудың бірден бір жолы ол- өз еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, осы жердің, елдің қалай құрылғанын, қандай жолмен келгенін білу, яғни, тарихты оқып, зерттеу.

Және де отанына деген махаббат ол отбасынан басталады. Отбасында көбірек елі мен жері туралы ақпараттарды әңгімелеп, дәріптеп отырса, баланың бойында еліне патриот болуға деген ынта пайда болады. Осы ұланғайыр жердің иесі сенсің, ата-баба аманатын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру борышы екенін естен шығармау керек.

Қазақстан Республикасының Рәміздеріне ұқыпты қарауды ілгерілету үшін де, оның тарихын, мән-мағынасын түсіндірген жөн. Мысалға, бастауыш сыныптарында оқитын оқушыларға, әнұранды сабақ басталмай жатып орындату. Ол біріншіден баланың қазақ елінде тұрғанын, осы елге деген құрметінің артуына әсерін тигізеді. Және әнұранның авторы кімдер. Кім жазды,әнін кім шығарды. Сол сияқты тудың авторы, елтаңбаның авторы кім, олардың өмірбаны туралы мағлұматтарды баланың санасына сіңіре берген жөн. Мектепте мұғалімдер оқытып жатыр, баланың патриот болып өсуіне үйдегі ата-ананың рөліі ерекше.

Еліміз жайлы,  рәміздеріміз жайлы көптеп ақпарат таратылып, көбірек айтылатын болса, есте сақталып, әр азаматтың ойында жүреді және еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі.

Ғайни БЕКТЕМІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ