«Салауатты өмір сүру» жобасы аясында семинар өтті
Ағымдағы жылы қараша айының 1 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Алматы қаласында, ҚазҰУ Заң факультетінің 1 және 2-курс студенттері арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.
Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, ішімдік, есірткі, уытты заттарды тұтыну, сондай-ақ ойынқұмарлыққа салыну жатады.
Ішімдікке, шылым шегуге, есірткіге, құмар ойындарға тәуелді болу – осы күнгі жастардың басты кемшілігі. Асқақ арман мен ұшқыр қиялдың жетегінде жүретін алаңсыз жастық шағын зиянды әдеттермен улаған жас буынның болашағы кімді де болса ойландырады.
Осы жағдайдың алдын алу мақсатында жастар мен студенттер арасында түрлі семинар-трненигтер өткізілді. Семинар спикері, психолог жастарға дұрыс жол сілтеп, әр адамның болашағы өз қолында екенні баса айтты.