Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты – депутат

0
183
коллаж: Halyq Uni
Депутаттың жазбасына сүйенсек, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы депутат Ермұрат Бәпи Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Депутаттың айтуынша, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды, – делінген жазбада.

Еске сала кетсек, Самат Әбіш ұсталған ҰҚК экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болды. Өткен жылғы шілдеде ҰҚК одан куәгер ретінде жауап алынғанын хабарлады. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік органдары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тіркеген жоқ, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалмады.

Биыл қаңтар айында Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты іс сотқа берілгенін хабарлады. Онда мемлекеттік құпиялар бар, сондықтан тергеу деректері жария етілмейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз