Саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметтеу тірілер үшін керек – депутат

0
97
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

– ҚР Ұлттық музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш арыстары мен қайраткерлерінің құнды заттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен кеште Ұлттық музей ұжымымен қатар, С.Сейфуллин музейі және Алжир мемориалды-мұражай кешенінде сақталған жәдігерлер де қойылды.

саяси
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. 2023 жылдың соңында комиссия жұмысы қорытындыланды. Қолданыстағы заңның негізінде 300 мыңнан астам адам ақталды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен 70 томнан аса жинақ шықты. Ал кейбір жерлерде бұл бағыт әр облыс бойынша тағы да толығады. Оның бәрін есептегенде жинақ саны 100 томнан асады деген болжам бар.

саяси
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Көрмеде сөз алған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қоғамда тек 31 мамыр күні ғана емес жыл бойы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы дүниелер айтылуға тиіс екенін жеткізді. Бұл – тарихқа деген тағзым.

саяси
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тек 31 мамыр күні ғана емес, әр күн, әр апта, әр ай сайын құрмет көрсетіп, ұлықтап, ұрпаққа үлгі етіп отырған абзал. Бұл тірілер үшін керек. Ұлттық музейдегі оймақтай ғана көрмеге қойылған ұлы тұлғалар тұтынған бұйымдар, киімдер көп ойға жетелейді», – деді депутат.

Ұлттық музей директорының орынбасары Ақмарал Ибраеваның айтуынша, көрмеде биыл мерейтойы аталып өтілетін тарихи тұлғаларға қатысты дүниелер қамтылған.

саяси
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Көрмеде Санжар Асфендиярұлы, Ораз Жандосов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов сияқты ұлы тұлғаларға қатысты фотосуреттер, архивтік құжаттар, кітаптар және жеке заттар қойылған. Олардың арасында М.Дулатовтың тайжақысы, І.Жансүгірұлының күнделігі, АЛЖИР лагерінде тұтқында болған ұлт зиялыларының әйелдерінің қолданған заттары бар», – деді ол.

саяси
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ПІКІР ҚАЛДЫРУ