Сенаторлар Президент тапсырмасын іске асыру мәселесін талқылады
фото:Сенат
Сенат комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп 2024 жылғы Жолдау Президенттің алдыңғы Жолдаулары мен сайлауалды тұғырнамасына енгізілген реформалар бағытының жалғасы екенін атап өтті. Сенатор өз сөзінде Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жүйелі экономикалық өзгерістерге назар аударғанын жеткізді. Мемлекет басшысы айқындаған барлық тоғыз басым бағыт осы негізгі міндетті шешуді көздейді.
«Мемлекет басшысының Жолдауында жүзге жуық бастама мен ұсыныс қамтылған. Соның ең маңыздысының бірі – АЭС құрылысы туралы жалпыхалықтық референдум өткізу күнін белгілеу – қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан тақырып. Референдум «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан идеясының тағы бір нақты көрінісі болмақ. Мемлекет басшысы интернет-алаяқтық, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес, педагог және медицина кадрларының жетіспеушілігі сияқты қоғамды алаңдататын бірқатар өзекті мәселелерге де ерекше назар аударды. Жасанды интеллекті дамыту және осы технологияларды Қазақстанның цифрлық платформасына енгізу де Жолдаудың маңызды кезеңі, бұл өз кезегінде цифрлық технологиялар белсенді қолданылатын және дамыған елге айналуға көмектеседі. Жалпы, Жолдау өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Біз депутаттық корпус ретінде Президенттің барлық тапсырмаларының орындалуын заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етуге міндеттіміз», — деді Нұртөре Жүсіп.
Сонымен қатар, Nazarbayev University алаңында өткен жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелерін де талқылады.