Sergek Patrol іске қосылды

0
35

Алматы облысының жолдарында Sergek Patrol іске қосылды, – деп хабарлайды zamandas.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап. Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуде – жасанды интеллектпен жабдықталған “Sergek Patrol” мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені бар патрульдік автомобильдер пайдалануға берілді.    – Бүгінде мобильді АБК екі автомобильде орнатылған, оларды 10 патрульдік машинада пайдалану жоспарлануда. Sergek Patrol жылдамдықты арттыру, жол белгілерін сақтамау және дұрыс емес тұрақ сияқты бұзушылықтарды автоматты түрде түсіру үшін жетілдірілген камералар мен радарлармен жабдықталған. Жүйені енгізу жол бақылауының тиімділігін арттыруға, жүргізу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ облыс жолдарындағы апаттылықты азайтуға бағытталған, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ППБ командирі Дархан Байшоинов.   Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз