Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Сот басты айыпталушы Абзал Шынасылды кінәлі деп таныды. Оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Равиль Сакиев — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл, 99-баптың 2-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша — 15 жыл. Қылмыстар жиынтығы бойынша — 20 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Азамат Токтаубаев — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл, 188-бап (ұрлық) бойынша — 3 жыл. ҚР ҚК 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, сондай-ақ 2024 жылғы 17 қазандағы Талғар аудандық сотының үкімімен бұрын тағайындалған жазаны ескере отырып — 15 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Шыңғыс Бельгожаев — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Дархан Аскентай — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Нұркияс Ильясов — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл. Сонымен қатар, ол 2024 жылғы 4 сәуірдегі Талғар аудандық сотының шешімімен бұрын жасаған қылмыстары үшін де жаза өтеуі тиіс. Қылмыстар жиынтығы бойынша — 9 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Нұрбол Токтаубаев — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша — 7 жыл бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіздік мекемесінде.
Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) — ҚР ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша — 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмағандарға арналған ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен.