Шетелден бір рет қана көлік әкелуге рұқсат

0
45
фото:ашықдереккөз
Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жеке азаматтарға енді шетелден бір рет қана көлік әкелуге рұқсат берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zamandas.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қанат Шарлапаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында осы әңгімеге нүкте қоюға ниетті екенін мәлімдеді.

– Ең алдымен, мен сіздерге екі мәселені түсіндіргім келеді. Осы ережелер бойынша елге автомобильдерді әкелу ережесі 2015 жылдан бастап күшінде. Яғни, ережелерде ешқандай өзгерістер болған жоқ. Екіншіден, мен екі фактіні келтірейін. 2023 жылы бізде бір адам 793 көлік алған жағдай тіркелді. 34 адам, бізде 100-ден астам көлікті елден әкелген. Яғни, барлық белгі бойынша олар кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Сондықтан, бірінші кезекте мәселе қандай да бір шектеуді жайлы емес. Егер адамдар кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келсе, жүздеген машинаны әкелгісі келсе, онда олар әлі де мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауы керек. Барлық тиісті төлемдерді төлеңіз, болды, – дейді министр.

Шарлапаевтің айтуынша, жаңа алым ережелерінде ешқандай өзгерістер болған жоқ.

– Ең алдымен, 100 машинаны, 793 машинаны бір адам өзі ғана тебу үшін әкелмейтіні анық. Оларды қайта сататыны анық. Бірақ егер олар бизнеспен айналысатын болса, онда ЖШС-ні тіркеп, мемлекеттің заңды талаптарын айналып өтуге тырыспай, ресми түрде бизнеспен айналыссын, – дейді ол.

Министр “бір көлік әкелген азаматқа кедергі жасамаймыз, екі-үш, бес көлік әкелсе, әрине шектеуіміз керек” деді. Ол жұмысты министрлік цифрлық жүйемен қадағаламақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213