Шығыс Қазақстан облысында алаяқ риелторлар ұсталды.
фото:ашықдереккөз
ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар алаяқ риелторлар тобының кәсібін тоқтатты.
Қылмыстық іс бойынша күдіктілер ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерлерін заңсыз иемденген. Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 млн теңгеден асады. Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.
Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.