Шымкентте бір көше бойында орналасқан бірнеше дүкен жанып кетті

0
165
Фото: Шымкент ТЖД

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Құрылыс материалын сататын дүкен қоймаларындағы көптеген заттар өртке оранды.

Әл-Фараби ауданына қарасты Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Мэдина» дүкендері өртке оранды. Салдарынан құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындаға заттар түгелге жуық жанып кетті.

өрт
Фото: Шымкент ТЖД

Өртті сөндіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200–ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.

өрт
Фото: Шымкент ТЖД

«Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2500 шаршы метрді құрайтын ғимараттың 1300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ