Шымкентте көше ортасында билеген блогер жауапқа тартылды

0
227
Фото: polisia.kz

Шымкентте көше ортасында билеген блогер қыз жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде қаланың Қонаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне жол бойында билеген қыздың видеосы тарады.

Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. «Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жанған жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің дабылы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді. Тикток қолданушысы мұндай қадамға тікелей эфирде лайк жинаудан ұтылған досының шарты бойынша барған.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны екен. Бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ