Шымкенттегі көлік басқармасының экс-басшысы сотталды
Оны ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған болатын.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің түсіндіруінше, Қоқанбаев 3,5 жыл мерзім бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
“Бірінші инстанциядағы сот мегаполистің әлеуметтік маңызды бағыттарында жолаушылар тасымалдауды субсидиялауға көмектескені үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған Қоқанбаевты ақтады”, – деп еске алды Дәурен Ерғарин.
Сот 2023 жылдың 16 қарашасында Қоқанбаевты ақтаған еді.