Соғыс лебі есетін кез-келген «полкқа» түбегейлі қарсымын

0
12

Қазақстандық кәсіпкер, «BI-Group» құрылыс компаниясының негізін салушы Айдын Рахымбаев елімізде «мәңгілік полктардың» өтуіне түбегейлі қарсы екенін білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Оның ойынша, 9 мамыр – бірінші кезекте соғыс құрбандарын еске алу күні. Қазақстан соғыста өте үлкен шығын шекті: 1,2 млн адам әскерге шақырылса, жартысы үйіне оралмады. Соғыс өрті әрбір отбасын шарпыған.

«Осы тұрғыдан алғанда мен Қазақстанда «тағы бір қайталайық» дегендей ұран аясындағы шараға айналып кеткен «мәңгілік полктардың» өтуіне түбегейлі қарсымын. Оны жанымызда тағы бір сұмдық соғыс болып жатқанда қабылдау тіпті қиын.
Менің атам да Сталинград шайқасында қаза тапқан. Біз жақында оны бауырластар зиратында өзге мыңдаған есімі белгісіз жауынгерлер арасынан таптық. Соғыс менің отбасымды асыраушысыз қалдырған.
Сондықтан жеті баланың әкесі ретінде мен соғысты романтикаландыруға, соғыс лебі есетін кез-келген «полкқа» түбегейлі қарсымын. Әрбір 9 мамырда отбасымызбен жиналып, Құран оқып, дұға жасаймыз. Көптеген елде бұл күні адамдар қаза тапқандарды аза тұтады. Соғыстың аяқталуына біз де осылай қарауымыз керек», — деп жазды кәсіпкер.

Оның ойынша, нағыз жеңіс – бейбітшілік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз