Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылып, пайдалануға берілді
Бұл нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жатады. Нысанды ресми түрде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ашты.
«Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға. Еліміздегі алғашқы тоннель. Бүгін ашылғаннан кейін негізгі көлік ағыны Шақпақ Баба елді-мекенінің айналма жолына бағытталды. Бұл елді-мекеннің ішіндегі жол қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар нысан қыста жүргізушілердің Шақпақ баба асуында қар құрсауында қалып қоймауына мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.
Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей жүйелер қарастырылған:
- Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксофондар;
- Жол жәшіктері;
- Бейнебақылау камералары;
- Өрт дабылдары;
- Люминесцентті шамдар;
- Апаттық шығу;
- Жарық қайтарғыш элементтер;
- Өрт сөндіру жүйесі;
- Өрт сөндіру резервуарлары;
- Нысанды тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер;
- Ақпараттық тақта және т. б.