Түркістанда өлі табылған екі балаға қатысты тың мәлімет шықты
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Зәкиеваның сөзінше, 2 бала анасының қолынан қаза тапқан.
«Иманды болсын, періштелер. Қызылорда облысының тумасы, Түркістан қаласына келіп пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды.
Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облыстық ПД айналысуда», — деп жазды Зәкиева