Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.
ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.
Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.