Төрт күнде тағы 95 адам жарақат алған
Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам қаза тапты. Адамның қазасы жол-көлік оқиғасынан болған. Ұлттық мереке аталып өткен төрт күнде елде 125 жол-көлік оқиғасы болып, соның кесірінен 95 адам жарақат алған.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Мереке 1-4 қыркүйек аралығында аталып өткен. Вьетнам Жол полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда болған.
Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда елде жол-көлік оқиғасы көбейген. Вьетнамда өткен жылы 11 400-ден астам жол апаты болып, соның салдарынан 6 384 адам көз жұмған. 7 800-ден астам адам жарақат алған.