Таңғалдырған «Тұрандот»

0
108

Тұрандот ханшайымның жұмбағын шешуге асық көрер­мен үшін Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері Алан Бөрібаев пен италиялық режиссер Давиде Ливермор тандеміндегі клас­сикалық туынды тамаша тарту болғаны сөзсіз.

 

Таңғалдырған «Тұрандот»

Джакомо Пуччинидің «Тұран­доты» жай ғана опера емес, бұл – бүкіл­әлемдік музыка мәдениетінің на­ғыз жауһары. Ол өзіне сюжеттің драмалық тереңдігін, жарқын әрі есте қаларлық музыкалық та­қы­рыптар мен қуатты вокалдық партияларды біріктіреді.

Әйгілі опера ХІІ ғасырдағы шығыс поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жина­ғына енген поэмасы негізінде сах­наға шықты. Оны бұл топтамадан италиялық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Ал либретто авторлары – Джузеппе Адами мен Ренато Симони. Суық та сарабдал, бірақ өте сұлу Тұрандот туралы аңызға айналған хикая көрермендерді ханшайымның ғана емес, сондай-ақ режиссердің де жұмбақтарына жауап іздеуге шақырады. Құпияға толы қызықты эпизодтар көрушісін әлбетте бейжай қалдырмады.

Әсіресе құрғақ дала мен қура­ған ағаштарды суарып тұратын шынайы жаңбыр көрермен көңі­ліне ерекше әсер сыйлады. Бұл өлі табиғат көрінісі Тұрандоттың патшалығында махаббат пен жы­­лулықтың жоқтығын білді­реді. Дегенмен татулық пен жақсы­лық­тың жаршысы болған бала­лар келгенде ағаштар жаңа театрлық технологиялардың арқасында гүлдейді, осылайша сұлу ханша­йымның жүрегін жібітуге үміт бар екенін көрсетеді.

Тұрандоттың жеңіл ақ көй­лекте жердің астынан көтерілуі де қойылымдағы ең әсерлі сәттер­дің бірі болды. Оның бейнесі көрермендердің бойында таңда­ныспен қатар, Тұрандоттың жанында өлімнің өзі жүргендей қорқыныш туғызды. Спектакль ақ-қара гаммада орындалған, яғни өмір философиясын оқиға­ның негізгі өзегі еткен. Осы сын­ды символдық сөйлетулер мен алле­гориялық астарлар қойылымның көркемдік деңгейін даралайды. Ал өмірдің алма-кезек екенін біл­діретін медузалар мен оқиғаны бақылаушы айдаһар бейнесі спектакльге қиял-ғажайып жарқындық пен тереңдік үстейді.

Қойылымға халықаралық дең­гейдегі шақырылған солистер қа­тысты. Калаф ханзаданың пар­тия­сында грузиялық тенор Геор­гий Ониани опера сахнасының примасы, Қазақстанның еңбек сіңір­­ген қайраткері Жұпар Ғабдул­ли­на­мен бірге өнер көрсетті. Екін­ші құрамды мұңлы ханшайым Тұран­доттың рөлін украиналық соп­­ра­но Оксана Крамарева орындады, Лиудің партиясында чехия­лық Либуше Санторисова шық­ты. Сонымен қатар театрдың тұрақ­ты көрермендері үшін «Астана опе­раның» жетекші солисі, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­кері Медет Шотабаевтың Калаф­тың партиясындағы дебюті ерекше оқи­ға болғаны анық. Оның қа­ты­суы «Опералия» өнер думаны­ның жа­қын сәтіне айналды десек, қателеспейміз.

«Қазақстан – құрмет ерекше тұтатын елдерімнің бірі. Сон­дық­тан мұн­да өнер көрсету – мен үшін әрда­йым үлкен бақыт. Астанада­ғы дебютім 2005 жылы болған еді, «Мадам Баттерфляй» операсында өнер көрсеттім. Сол спектакль жанымда керемет естеліктерімен жатталды. Бұл жолы мен Пуч­чи­нидің репертуарындағы сүйікті партияларымның бірі – Калаф рөлін жеткіздім. Шынын айтқанда, талғампаз көрермен негізінен Ка­лафтың әйгілі ариясын тыңдауға келеді. Солист ретінде оны орындаудан мен де ләззат аламын және адамдарға сондай бақыт сый­лай алғаныма қуанамын, – деді грузиялық Георгий Ониани.

Әртістің айтуынша, ол «Тұран­дотты» әлемнің көпте­ген сахнасында орындап жүргенімен, ерекше есте қаларлық өнер көр­сету 2005 жылы Миландағы Ла Скала театрында болған: «Мен концертті Калафтың ариясымен аяқтадым, сол кезде залда отырғандардың барлығы «тағы да, тағы да» деп айқайлап, осы арияны екінші рет айтып беруімді өтінді. Сонда италиялық дирижер: «Тағы ән шырқай аласың ба?» деп сұрағанда, мен өле-өлгенше ән салатынымды айттым. Залда отырған грузиялықтар концерттен кейін жаныма келіп, қуаныштан көздеріне жас алды. Бұл – мен үшін өмірімдегі ең қымбат сәттердің бірі», деп естелігімен бөлісті әнші.

Туындыны терең мағынаға тол­тырған тапқыр режиссерлік шешімдер, жарқын сценография мен сәнді костюмдер һәм әртіс­тердің шебер ойыны Пуччини кейіпкерлерінің эмоциялық жай-күйін, олардың құштарлықтары мен уайымын шынайы жеткізе білді. Ал Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, есімі әлем­ге мәшһүр дирижер Алан Бөрі­баевтың талғампаз танымы ком­позитордың осынау танымал хикаяға салған барлық ой тереңдігі мен сырлы сезімін музыка арқылы түсінуге тамаша септесті.

Орайы келгенде айта кете­йік, қазақ атын жаһанға танытып жүрген дарынды дирижер жа­қында Венгрияда Модест Мусорг­скийдің «Борис Годунов» опе­ра­сының премьерасын, сондай-ақ Сергей Прокофьевтің «Соғыс ­және бейбітшілік» спектакльдері­нің топ­тамасын сахнаға шығарды. Оның ше­берлігі мен музыка­лық ма­те­риалды интерпретация­лауы кез келген қойылымның жо­­ға­ры деңгейде орындалуымен ­ерек­шеленеді.

Операның финалы да тың ше­шімдерімен таңғалдырды. Ал­тын түстес реңктерге боялған ға­жайып әлем көрерменіне бейнебір ер­тегілер елінде жүргендей әсер сый­лады. Ал Тұрандот Калафқа өзі­нің жүрегін ашқанда сахнаға сәуле шашылып, бір сәтте айнала жарқырап кетті. Осылайша, сце­нографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Дра­гунов спектакльді шын мәнінде қызықты әрі қайталанбастай етіп, «Тұрандотты» өткізіп алуға болмайтын бірегей театрлық оқиғаға айналдырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Запрет на распространение ложной информации на онлайн-платформах введен в Казахстане